Шетелдіктерге енді Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін төлқұжат қажет
Енді Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат сұраған шетелдіктерге шетелдік төлқұжаттың болуы міндеттеледі. Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңнамаға тұрақты тұруға рұқсат беру ережелерін жаңартып, тиісті өзгерістер енгізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Дәл қазір халықаралық паспорт шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және оның құқықтық мәртебесін растайтын құжат болып саналады.
Енді шетелдіктер тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күн болуы тиіс шетелдік төлқұжат ұсынуы керек. Уақытша тұруға рұқсат алу үшін енді пәтер иесінің атынан сенімхат, меншік иесінің нотариалды куәландырылған келісімі қажет.
Сонымен қатар шетелдіктер рұқсат алу кезінде көрсететін мекенжайда енді тіркеу коды болуы керек. Бұл шаралар шетелдіктерді жалған мекенжайлар бойынша тіркеле алмаулары үшін жасалып отыр.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті