Шетелдік БАҚ Қазақстанды "Путиннің қосымша территориясы" деп атады
Bloomberg америкалық басылымының Қазақстанды “Путиннің қосымша территориясы” деп жазуы қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шетелдік БАҚ-та “Макрон жаңа серіктес пен уран іздеу үшін Путиннің қосымша территориясына келді” деген ақпарат жарияланған.
Bloomberg Макронның Қазақстанға келгенін айтып, елімізді "Ресейдің қосымша территориясына” балады. Бұған қазақстандықтар қарсы пікір жазып жатыр.
"Біз 30 жылдан астам уақыт тәуелсіз елміз. Осы үшін барлық қазақстандықдан кешірім сұрайсыздар деп үміттенемін", "Жер көлемі бойынша әлемнің 9-елін "аула" деп атау бассыздық”, “осындай тақырып қойған журналисті жұмыстан шығару керек" деп жазды тұрғындар.
Желі қолданушылары басылымнан тақырыпты өзгертуді талап етті. Алайда олардың тарапынан әлі ешқандай реакция жоқ.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”
