Шетелде жүрген азаматтардың Қазақстандағы балаларына қанша алимент берешегі бар

Шетелде жүрген азаматтардың Қазақстандағы балаларына беруі тиіс алимент берешегі көлемі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Сенат кулуарында Әділет вице-министрі Даниял Ваисов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір жалпы сомасы шамамен 47 миллион теңге болатын 106 атқарушылық іс жүргізіліп жатыр.
Алимент бойынша қарызын төлеу үшін қазақстандық ер адам бүйрегін сатпақ болған
“Қарыздың басым бөлігі Ресей аумағындағы борышкерлерге тиесілі. Онда жиналғаны 73 іс, жалпы сомасы 32 миллион теңге. Одан кейін Өзбекстан – 24 іс (1,9 млн теңге), Украина – 2 іс. Сонымен қатар Әзірбайжан, Беларусь және Қырғызстан бойынша бір-бірден атқарушылық іс тіркелген”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда енді несие мен алимент бойынша қарызын төлемегендер жүргізуші куәлігінен айырылатыны туралы жазған едік.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды