Шетелде 9 мыңдай Қазақстан азаматы дауыс берді

Фото: СІМ
Орталық референдум комиссиясы 19:00-дегі жағдай бойынша шетелдегі қазақстандықтардың дауыс беруі туралы мәліметтерді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің айтуынша, референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқарып жатыр.
Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді. Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны – 9050 адам.
Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды.
АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды.
Еске салсақ, әлемнің 40 елінде қазақстандықтар референдумда дауыс бере алатынын жаздық.
Некеге тұрып, үйін иемденіп, өзін өлтірген: Қазақстанда "қара риэлторлар" қалай әрекет етеді
"Қара риэлторлар" ісі бойынша қанды істерді зерттедік
Декретте отырған ананы қай ел көбірек қолдайды? Қазақстанда жаңа заңға сәйкес декреттік төлемдер қалай өзгереді
2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі