Әлемнің 40 елінде қазақстандықтар референдумда дауыс бере алады

Қазір әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жапония мен Оңтүстік Кореядан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам мен Индонезияда учаскелер ашылды.
Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар бірінші болып дауыс берді. Сеулдегі №422 және Токиодағы №425 референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де дауыс беру үшін алғашқы болып ашылды.

Фото: СІМ
Дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстанда да белсенді жүріп жатыр.

Еуропа елдерінде жақын арада учаскелер өз жұмысын бастайды.
Алайда саяси жағдайға және сайлаушылардың аз болуына байланысты 10 елде – Украина, Иран, Израиль, Иордания, Катар, БАӘ, Оман, Ливан, Кувейт және Эфиопияда сайлау учаскелері ашылмайды.

Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”