Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушыларға тергеу кезінде қысым көрсетілген: Прокуратура тексеріс қорытындысын жариялады

Видеодан скрин

Прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Полат ісі бойынша тергеу кезінде айыпталушыларға қатысты азаптау әрекеттері болғаны туралы ақпаратты тексеру нәтижелерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін іс бойынша айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев тергеу кезінде өзіне қысым көрсетіліп, физикалық күш қолданылғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, өзі ғана емес, туған бауыры да соққыға жығылған.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мылтық ұстап тұрды. Менің жанымда адвокат болмады, қатты күйзелісте болдым, қорықтым. Олар: "мынаны айт, ана сөзді айт" деп, менің жауабыма араласты. Физикалық күш қолданды. Қарсы алдымнан ұрып, ішімді соқты, жақ сүйегіме бірнеше рет соққы берді. Туған бауырымды да ұрды. Басыма пакет кигізді", – деді Тоқтаубаев 15 мамыр күні сот отырысында.


Шерзат қазасы бойынша сотта айыпталушылардың адвокаты судьяны істен шеттетуді сұрады – Алайда ол әрі қарай жалғастыратын болды

"Сот цирк емес": Шерзат Полат ісі бойынша адвокат белгісіз себептермен істен шеттетілгенін мәлімдеді


Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Алматы облысының прокурорлары бұл дерекке қатысты арнайы тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде айыпталушылардың айтқандары расталмаған. Құқық қорғау органдарының қорытындысына сәйкес, Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтарға ешқандай қысым көрсетілмеген.

Еске салсақ, бұған дейін Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев сотта жауап беріп, төбелеске жәбірленушілерді кінәлаған еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 20:36
Талқылау