Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем бойынша Қазақстан шай ішуден ондыққа кіреді

Шай ішпесе басы ауыратын бір халық болса, ол – қазақ. Оның дәлелі – Қазақстан әлем бойынша шайды ең көп тұтынатын 10 елдің қатарына кірді. Алайды молынан тұтынғанымызбен, бұл өнімді өзіміз шығармаймыз. Үндістаннан, Кениядан, т.б. елдерден алып ішеміз. Ал олардың сапасы мен құрамындағы адам денсаулығына зиян келтіретін бояулар жайлы не білеміз?

7941a0711d24b0bae1bb98f3a006d99e

Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасының «Апта.kz» бағдарламасында айтылды.

Әлемде шайды ең көп тұтынатын елдер көшін Түркия елі бастап тұр. Бауырлас түрік ағайындар елінде әр адам жылына 6,87 келі шай тұтынады екен. Одан кейінгі орындарға Марокко (жылына 4,34 келі), Ирландия (жылына 3,22 келі), Мавритания (жылына 3,22 келі), Ұлыбритания (жылына 2,24 келі), Сейшель аралдары (жылына 2,08 келі), Біріккен Араб Әмірліктері (жылына 1,89 келі), Кувейт (жылына 1,61 келі), Катар (жылына 1,60 келі) елдері жайғасқан. Ондықты біздің еліміз 1,54 келі көрсеткішпен тәмамдап тұр.

Бір қызығы, әлем бойынша шай нарығын жаулап алған елдердің бірде бірі аталған тізімге енбеген. Ал жақсы шай қолмен жиналған және шайдың ең жоғарғы бетіндегі жапырағынан ғана алынады екен. Төмендеген сайын сапасы да төмендей береді. Астыңғы шайдан әдетте түйіршіктелген шай жасалады. Ал қазақ шығымы жақсы деп көбінесе түйіршік шайды тұтынады. Одн кейін жақсы шықсын деп оны отқа бір қайнатып алады. Мұнымыз дұрыс па?

«Жапырақ шайды қайнатудың қажеті жоқ. Тіпті, бұрқылдап қайнаған суды құюға болмайды. Шай жапырақтары 90 градус температурада тұрып ашылады. Ұзақ тұрған сайын хош иісін береді. Біздің бір қателігіміз осы шайдың үстіне сүт, қайнаған су құямыз. Осыдан шайдың түрі де, дәмі де өзгеріп, барлық пайдалы элементтері жойылады», – дейді «Шай әлемі» дүкенінің қызметкері Мария Прус.

Шайдың құрамында кофеин кофеден де көп болып шықты. Алайда біз оған сүт, қайнаған су қосып төмендетеміз.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановтың айтуынша, қайнағаннан кейін 20-30 минуттан соң ішілген шайдың пайдасынан зияны көбірек.

Дағдарыс жайлаған заманда шайды көп ішетін қазақ үшін оған көп ақша жұмсау тиімсіз. Сол себепті бағасы арзан, бояуы көп, сапасы төмен шайды алады. Ал оның ішінде болатын бояудың зияны шаш етектен. Оның құрамындағы түрлі бояулар мен қоспаларды қалай тексеруге болатынын мамандар айтып берді.

Анықталғандай, шайдың ішінде бояудың қаншалықты көп екенін суық сумен тексеруге болады. Егер шайдың сапасы төмен, бояуы көп болса, мұздай судың өзінде шай шығып кетеді.

Сол сияқты шайдың сапасын лимон арқылы да тексеруге болады. Кейде шайға салған лимон қарайып, солып қалады. Яғни ол шайдың құрамындағы зиянды қоспаларды өзіне сіңіріп алады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар құлақ тазалауға арналған мақталы таяқшалардан бас тартуға шақырды

Тест: Иммунитетіңіздің қандай деңгейде екенін тексеріп көріңіз

Ғалымдар: Nutella обыр дертіне душар етеді

Омыртқа не себепті қисаяды және оны емдеудің жолдары қандай

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда такси көліктеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

Тұрғындардан такси тасымалы қызметтерінің сапасыздығына шағымданушылар көп

"Әлгі күнге дейін бізді кемсітеді": Шымкентте ВИЧ жұқтырған балалар қалай өмір сүріп жатыр

2006 жылы дәрігерлердің салақтығынан 149 бала дәл осы вирусты жұқтырған еді

"Норман форматы": Зеленский мен Путин не талқылады

Путин: Украинамен қарым-қатынас дұрыс бағытта жүріп жатыр

"Ұйықтап жатып, көгеріп кетті": Ақтауда балабақшада көз жұмған бүлдіршіннің өлімі жайлы күтушісі айтты

Білім бөлімі баланың ата-анасын кінәлады

"Біздің мақсатымыз – көшбасшы болып қалу және жаңа трендтер беру"

Қазақстандағы бірінші автозауыт аяқталатын жылдың қорытындыларын шығарады.

БАҚ: Қазақстан банктерге көмек ретінде 1 миллиард доллардан астам қаражат жұмсамақшы

Қазақстан кем дегенде төрт жергілікті банкке 1 миллиард доллардан астам қаражат ұсынуға ниетті

Қазақстандық әйел үш баласын балалар үйіне тастап, шетелдік азаматтың соңынан кеткен

Қазір көкек ана іздестіріліп жатыр

Норманд төрттігінің кездесуі: Зеленский Путиннің орнына отырмақ болды

Үш жыл ішінде "Норман төрттігінің" мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі өтті

Куәліксіз жүргізген полицей қағып кетті: Оралда 29 жастағы 4 баланың анасы мерт болды

Жәбірленушінің туыстары апат болған уақытта полицейдің мас болғанын айтады

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды
Çàãðóçêà...