Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол туралы АҚШ-та айта бастады": Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегіне қатысты болжам айтылды

Танымал ресейлік ММА файтері Александр Шаблий UFC 296 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dzen.ru

Олардың жекпе-жегі 17 желтоқсанда таңертең Лас-Вегаста өтіп, Рахмоновтың жеңісімен аяқталды. Осылайша Томпсон мансабында алғаш рет қылқындыру әдісінен жеңілді. 

"Шавкаттың атағы жайылып келеді. АҚШ-та ол туралы айта бастады. Шавкат тағы бір жекпе-жек өткізетін болса, титулды алады. Сондай-ақ тағы бір ықтимал жекпе-жек бар. Ол Леон Эдвардс пен Ислам Махачев арасында. Шавкат Камару Усманмен немесе Гилберт Бернспен жұдырықтасса пайдалы болар еді. Бірақ екеуі оның спарринг серіктестері. Олармен сегізбұрышқа шыға ала ма деген сұрақ туады. Қандай жағдай болмасын оның титулға дейін бір жекпе-жегі қалды", – деді Шаблия.

Айта кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы турнирде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанған еді. Сондай-ақ Шавкат Рахмоновты егеуқұйрыққа теңеген америкалық файтер қазақстандықпен жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Талқылау