Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

“Шашынан тартып, тіземен тепкен”: Алматы облысындағы колледжде студент қыздар төбелесті


Видеодан скрин

Алматы облысындағы колледждердің бірінде студент қыздар бір-бірімен төбелесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік техникалық колледжінде болған. Түскі үзіліс кезінде сыртқа шыққан екі қыз аулада төбелескен.

Видеода қыздардың бірі шашынан тартып тұрып, ішке тіземен тебеді. Артынша басына бірнеше соққы жұмсап үлгереді. Жанындағылар ажыратпағанда не болар еді.

Жаға жыртысқан бойжеткендер 16 жаста. Бірі тігінші, екіншісі аспаз мамандығында 1 курста оқиды екен. Екеуінің төбелесіне  жұлысуына арадағы дау себеп болыпты.  


15 адам жабылған: Ақтөбеде мектеп оқушысын жасөспірімдер соққыға жығып, пышақтап кеткен


“Дөрекі сөйлеген ғой. Бір-бірінен өтіп бар жатып, дөрекі сөйлеп, түсініспеушілік болған. Сен маған неге өйтіп сөйлейсін деп. Жауапты маманға ҚР Еңбек кодексінің 64 бабына сәйкес ескерту берілді”, – дейді С. Жандосов атындағы қаскелең кәсіптік-техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Роза Бибасарова.

Студенттерді жіті қадағалауы керек болған маман ескертумен құтылса, қыздардың ата-анасын полиция жазаға тартыпты. Екеуінің де әке-шешесі 40 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады. 

”Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – дейді Меруерт Морякова.

Видеосы желіні шулатып жүрген төбелестен кейін ешкім дәрігердің көмегіне жүгінбепті.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында мектептердің бірінде оқушы қатарластарын соққыға жыққанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 22:24
Талқылау