Шашын тартты, тепті: Желіде Жаңаөзен мұғалімі оқушыларға қол көтеріп жатқан видео тарады
Желіде жаңаөзендік мұғалім оқушыларға қол көтеріп жатқан видео тарады. Қаланың білім басқармасы мектепте тексеріс жүргізетінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” газетінің хабарына сүйеніп.

Видеода дене шынықтыру мұғалімі сабақта бір оқушының шашын тартқылап, ішінен ұрғанын, екіншісін артынан тепкенін көруге болады.
Мұны сол сабақта отырған оқушылар түсіріп алған.
Жаңаөзен білім басқармасы мектепте тексеріс жүргізетінін айтты.
“Арнайы комиссия құрдық. Тексеріс қорытындысына қарап, балалардың құқығын бұзғандарды қатаң жазалаймыз”, – дейді басқарма.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі