"Шапалақты ұрып қаспенен": Мейрамбек пен Мұқасан елді күлкіге қарық қылды (видео)
40-тан асқан Мейрамбек Бесбаев пен Мұқасан Шахзадаев жастарға ілесемін деп заманауи әзіл видео түсірді. Орта буын өкілдері бұл қылығымен елді күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz.

Қос әнші бірігіп, "қаспен билеп", әлемге танымал әуенге аузын жыбырлатып айтқан. Видеоның күлкілі шыққаны соншалық, аз уақытта жарты миллионнан аса қаралым жинаған.
Сырт көзге байсалды, сабырлы көрінетін өнер иелерінен мұндай қылықты халық қана емес, әріптестері де күтпесе керек.
17 жыл: Мейрамбек Бесбаев жұбайымен отасқан күнін тойлады (видео)
"Сендерге қосылу үшін анандай қас керек шығар, я?" – деп Сәкен Майғазиев пікір білдірсе, Ерке Есмахан:
"Не деген бір-біріңізді түсінушілік дейм да", – деп жазды.
“Шапалақты ұрып қаспенен, күшті билеп қояды екенсіздер баспенен”, – деп пікір білдірді оқырмандардың бірі.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"