Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шаңды дауыл күтілуде": Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 15-17 шілдесіне ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Алдағы үш күнде кейбір аймақтарда шаңды дауыл күтіледі. 

“Оңтүстік облыстарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты бұрынғыша сақталатын болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл байқалады”, – дейді мамандар. 

Сноптиктер әр аумақта әртүрлі ауа температурасы сақталатынын мәлімдеді.  

“Батыста ауа температурасы түнде +15+23℃, күндіз +25+38℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6+20℃, күндіз термометрлер +10+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +15+30℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +27+38°С болады”, – дейді синоптиктер. 

Талқылау