Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сейфуллин Жолбарыстың жары өзін “тоқал” деп сынайтындарға жауап берді

Сейфуллин Жолбарыстың жары Екатерина Лилуя алғаш рет сұхбат беріп, жеке өмірі жайында айтты. Ол өзін «тоқал» деп сынайтындарға жауап берді.

сейфуллин жолбарыс 170517

31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында Екатерина Сейфуллин екеуінің қос қызы бар екенін ашып айтты. Алайда Екатерина балаларының әкесі сияқты елге танымал тұлға болғанын қаламайтынын жеткізді.

«Мен танымал адам емеспін, өзі жарқырап жүре берсін, аман болсын, үлкен-үлкен концерттер бере берсін. Бірақ отбасымызды, қыздарымызды, ұлдарымызды жарқыратып, жарыққа шығарғанды мен өзім қолдамаймын және қаламаймын», – деді Екатерина.

Әңгіме барысында Екатерина таза қазақ тілінде сөйлеп таңғалдырды. Ол Сейфуллинмен қалай танысқанын айтып берді.

«Суреттерді саламыз ба, қай жерде жүреміз, қыдырамыз, ол өзіміздің жеке өміріміз. Сондықтан біреудің көңіліне қарап, ел не дейді, журналистер не дейді деп өмір сүрмейміз. Бізге не ұнайды, не қалаймыз, сөйтіп өмір сүреміз.

Өзім туралы ауыз толтырып айта алмаймын. Кәдімгі қарапайым қызбын, Алматы облысының тумасымын. Сейфуллин Жолбарыспен «Хабар» арнасында танысқан болатынбыз. Қазақ тілі бойынша бір жобаға қатысқан едім. Солай болып қалды. Екі қызымыз бар. Үлкеніміз – 4,5, кішіміз – 2,5 жаста», – дейді Екатерина.

Қазақ тілін жетік меңгерген Екатерина халқымыздың тарихын да жақсы білетін болып шықты. Ол кезінде қазақ халқына еңбегі сіңген ұлы тұлғалардың да өзге ұлттан әйел алғанын тілге тиек етті.

«Біз сезім пайда болғаннан кейін, өміріміз ұқсағаннан кейін, өткен өміріміз, ой-өрісіміз келіскеннен кейін отбасын құрдық. Аралас неке дүние жүзінде болып жатқан құбылыс қой, одан ешқандай бас тартуға болмайды. Ол болып жатқан нәрсе. Мысалы, бұрында көптеген қазақтың ұлы адамдары басқа ұлттан әйел алған болатын. Мысалы, Қонаев атамыздың татар, Бауыржан Момышұлының орыс әйелі болатын. Мұстафа Шоқай бар, айта берсең көп. Сондықтан біз біріншіміз деп айтуға болмайды ғой. Өзімізге өзіміз келісті көрінеміз. Басқаларға қалай екенін білмеймін», – деп түйіндеді сөзін әншінің жары.

Айта кетейік, Сейфуллин Жолбарыстың бірінші некесінен бір ұлы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Нұртас Айдарбеков: Тойға шықсам, Қайрат ыңғайсызданады

Қарақат: Сəби күткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім

Әріптестері қызды болған Қарақатқа тосынсый жасады (фото, видео)

Есекке отырып видеоға түскен Төреғали жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

 

Талқылау