Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрлігінде басшылық қызметке келді
Танымал боксшы Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде басшылық қызметке келді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Серік Сәпиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды», – делінеді хабарламада.
Айта кетсек, бүгін Серік Сәпиев депутаттықтан кетті. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында белгілі болды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының xатшысы Бақыт Мелдешев Сәпиевтың депутаттық қызметтен кету туралы өтінішті өзі бергенін айтты. Мәжілісмендер оның депутаттық қызметін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Сәпиевке алғыс хат табыстады.
Өз кезегінде Серік Сәпиев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім білдіргені үшін, сондай-ақ мәжіліс депутаттарына палатадағы қызметі кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі