Сергей Мавродиді ешкім жерлегісі келмейді
«МММ» қаржы пирамидасын құрушы Сергей Мавроди қайтыс болғаннан кейін ешкімге керексіз болып қалды. Төрт күн бойы Мәскеу мәйітханасында жатқан атақты алаяқтың денесін әлі ешкім алмаған. Аты аңызға айналған алаяқтың туыстары мен жақындары оның қайтыс болғаны туралы хабарды естімеуі мүмкін емес, деп хабарлады КТК.

Себебі, оның өлімі туралы барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Мавродидің ағасы оны ата-анасының жанына жерлеуден бас тартқан.
Мәйітті ашу жүзеге асырылды, өлімнің нақты себебі жақында белгілі болады. Егер марқұмның денесін ешкім алып кетпесе, онда Мавроди жалпы мазардағы бюджет есебінен жерленеді.
Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні 15 миллион адамды алдап соққан 62 жастағы ең ірі қаржы пирамида құрушысы өмірден озды.
Оқи отырыңыз:
Қытайлық азамат үш қабатты үйін алты метрге жылжытты (видео)
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы: 10 жылдан кейін Иранмен соғыс болуы мүмкін
Ер адам үш жыл бойы өлген ағасының мәйітін үйінде сақтап келген
Кемероводағы өртте жоғалған үш адам аман-есен табылды
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”