Сенсация: Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионын тұғырдан тайдырып, финалға шықты
ФОТО: ҰОК
7–21 қараша аралығында Сауд Арабиясында Ислам ынтымақтастық ойындарында еркін күрестен ел намысын қорғаған Ризабек Айтмұқан финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз 97 келінің жартылай финалында Бахрейннің атынан шыққан Ахмед Тажудиновпен белдесті. Боз кілемде қос балуан жан-алысып, жан берісті. Нәтижесінде Ризабек Ахмед Тажудиновтың осалы тұсын, тауып 13:5 есебімен ойсырата ұтты.
Айта кетейік, Ахмед Тажудинов 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионы, 2025 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Осылайша Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионын жеңіп, айды аспанға бірақ шығарды.
Енді Ризабек ақтық сында тәжірибелі Иран елінің өкілі Амирали Азарпирамен алтын жүлдені сарапқа салады.
Еске салсақ, Ризабек Айтмұқан 3 түрлі жас санаты бойынша әлем чемпионы. 2023-2025 жыл аралығындағы үш дүркін Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды