Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сенімен қайта шығатын жекпе-жекті асыға күтемін": Иэн Гэрри Шавқатқа қазақ тілінде үндеу жасады

UFC 310 турнирінд Шавкат Рахмоновтан ұпай санымен жеңілген Иан Гэрри отандасымызға қазақ тілінде үндеу жасап, реваншты асыға күтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/iangarry/

Шавкат Рахмоновтың мансабындағы ең қиын қиын қарсыластарының бірі Иан Гэрри отандасымызға арнап қазақ тілінде желіде жазба қалдырды. 

“Шавкат, сен титулдық айқасқа шығуға бір табан жақын тұрсаңда керек емес жекпе-жекті қабалдадың. Саған және сенің талантыңа құрмет көрсетуден басқа айтарым жоқ. Жеңісіңмен құттықтаймын. Бірақ сенімен қайта жұдырықтасатын уақытты асыға күтудемін. Сен де, мен де кімнің қауіптірек жауынгер екенін жақсы білеміз”– деді Гэрри. 

Айта кетейік,  Шавкат Рахмонов мансабындағы алғаш рет 5 раундтық жекпе-жек өткізіп және алғаш рет төрешілердің шешімімен (48-47, 48-47, 48-47) жеңіске жетті. Ол бұған дейінгі 18 жекпе-жегінің бәрін уақытынан бұрын аяқтаған еді. 

Даурен Түлкібай
Дүйсенбі, 09 Желтоқсан, 2024 10:24