Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан — көпұлтты мемлекет емес

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстанда көп ұлт жоқ, көп этнос бар деп мәлімдеді. Мемлекеттің атын иемденген тек қазақ ұлты екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азат алаң бағдарламасына сілтеме жасап.

"Ресейде 180-ге жуық ұлт өкілі тұрады, Германияда да бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Олар өзін көп ұлтты елміз дей ме? Айтпайды. Тек бізде ғана солай айтамыз. Қазақ еліне иелік ететін жалғыз ұлт ол- қазақ. Ал қалғандары әр түрлі себептермен қазақ жерінде қалып қойған этностар.  Олар да Қазақстанның тең құқықты азаматтар", - деді сенатор. Оның аталған позициясына көп адам келіспеген әрі ұлтшылсың деп айып таққан.

Сенатор білім саласында жасалып жатқан реформалар туралы да ойын айтты. Оның ойынша, реформа көп жағдайда өз тиімділігінен тыс қалып, көп адамды шартшатты. Мұндай проблемаларды көтеріп жүргенін, шешімін табу үшін біраз белді азаматтармен ақылдасқанын да атап өтті сенатор.

Жанармай акциздерінің көтерілуіне байланысты сенатор бұл жердегі баға көрсеткішінің реттеліп отыруы қажет екенін айтты. Мұнайды шикізат ретінді сатып жіберу ішкі нарыққа әсер етеді. Тиісті ведомстволар мен министрліктер өздері алдын-ала қарастыратынын атап өтті.

Талқылау