Ұлттық банк басшысы болып Тимур Сүлейменов cайланды
Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Ұлттық банктің жаңа басшысын Қазақстан президенті парламент сенатының келісімімен тағайындайды.
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған болатын.
Айта кетейік, Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беруі Сенаттың ерекше қарауына жатады.
Бұған дейін, Ұлттық банк төрағасы болған Ғалымжан Пірматов лауазмынан босатылғанын жазған едік.
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады
"22 жыл жүрген көлік – 5 миллион теңге": Қазақстанда ескі автомобильдер неге қымбатқа сатылады
Неліктен ескі көліктердің бағасы жаңа бюджеттік автомобильдермен шамалас?