Сенат спикері президентке ұйымдастырылған қастандыққа қатысты пікір білдірді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев президентке қастандық ұйымдастырмақ болған шетел барлау агентіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенат кулуарында Әшімбаев тұтқындалған азаматтың аты-жөніне қатысты сауалға жауап берді.
"Telegram-арналарда осындай ақпарат тарағанын білемін. Бірақ бұл ақпаратты әлі Ұлттық қауіпсіздік комитеті бізге осы шындық екен деп айтқан жоқ. Бізге оның кім екенін анықтау керек, әзірге ресми мәлімет алған жоқпыз. Сондықтан бұл адам туралы ақпарат ресми жарияланғанда, істің қалай және не үшін болғанын білеміз. Сол кезде бұл сұраққа жауап береміз", - деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында президентке және бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерге қастандцық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентін ұстағанын мәлімдеген едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"