Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен Олимпиада чемпионысың, ұялмайсың ба?": Серік Сәпиев турнирде балуанмен төбелесіп қала жаздады (видео)

Қазақстандық бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев төбелесіп қала жаздады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турниріндегі Batyrball ойынында болды.

Эпизодтардың бірінде "Север-Юг" командасының мүшесі бұрынғы боксшы Сәпиевке қарсы күрес қимылын жасап, шағын төбелес басталып, ол тез арада ажыратылды.

Алайда, кейінірек матч біткен соң тараптар киім ауыстыратын бөлмеде бір-бірімен қол алысқанда, төбелес қайта басталып кете жаздады.

"Сен маған:"Олай жасама" дейсің. Мен де қызуқандымын!"- деді Сәпиев.

Осыдан кейін балуанның жаттықтырушысы ортаға түсіп, Сәпиевке: "Мен оның жеке жаттықтырушысымын. Сен бұл ережелерге өзің келістің емес пе? Сен білдей бір Олимпиада чемпионысың, жас баланы ұрып тұрсың! Ұялмайсың ба? Қандай үлгі беріп жатырсың?"

Нәтижесінде Сәпиев пен балуан қол алысып, тарап кетті. 

Batyrball  – Қазақстанда ойлап табылған бірегей спорт түрі. Ол баскетбол мен күрес элементтерін араластырады. Сонымен, шайқас сегізбұрышында сақина орнатылып, үш адамнан екі команда ойнайды.

 
Талқылау