Семсершілеріміз олимпиада чемпиондарын жеңіп, Азия чемпионы атанды
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионы атанды. Кувейтте өтіп жатқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасынан командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар сынға түсті. Олар өз жолында Катар, Қырғызстан және Гонконг сияқты мықтылардың мысын басып, финалға шықты. Ал финалында олимпиада ойындарының жеңімпазы болған Жапония құрамасын тізе бүктірді.
Айта кетейік, аталған төрттік Париждегі жазғы олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

