Семейдегі мектептердің бірінде сабақ кезінде төбедегі сылақ опырылып түсті
Семейдегі №43 орта мектеп ғимаратының төбе сылағының бір бөлігі опырылып түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық білім бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 30 сәуір күні 10:20-да болған.
“Үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түсті. Оқиға сабақ үстінде болды, жанында мұғалімдер бөлмесі бар. Көп ұзамай құлаған бөлік қоршауға алынып, тазаланды. Сабақ қалыпты режимде жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады білім бөлімі.
Олар сылақ опырылған жерде жөндеу жұмыстары жасалды деп сендірді.
Ақпарат бойынша, мектеп 1936 жылы салынған, шатыры ағаштан жасалған.
Айта кетейік, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Ол биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын ескертті.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі