Семейде үш жасар бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап кетті
Семей қаласында 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 маусым күні сағат 17:00 шамасында Панфилов көшесінде болған. 6-қабатта орналасқан пәтердегі ашық терезеден 3 жасар бала құлап көз жұмды. Баланың анасы сол уақытта көрші бөлмеде болған.
"Көп жағдайда балалардың терезеден құлау себептері – терезелері ашық үйде қараусыз қалу, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы темір тордың және өзге де құрылғылардың болмауы, терезе жанында үстелдің, орындық пен диванның орналасуы. Сондай-ақ қорғаныш болып көрінетін москит торлары да үлкен қауіп төндіреді", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылар өңір жұртшылығына қауіпсіздік шараларын үнемі қаперде ұстау керектігін ескертті.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды