Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде полиция қызметкері әріптесін зорлаған: Оқиғаны құзырлы органдар растады

Осыдан бір ай бұрын Семей қаласының полиция басқармасы бөлімінің қызметкері зорланған. Фактіні Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Жәбірленуші полиция аға лейтенантын кінәлі деп айыптаған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тальгодағы зорлық оқиғасынан кейін дабыл түймесі орнатылмақ

Шығыс Қазақстан облыстық полициясы зорлау оқиғасы бір ай бұрын болғанын және жәбірленуші полиция қызметкерімен таныс болғанын айтты.

"Аталған дәлелдер сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қайта тексеріледі. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар қоғам тарапынан айтылған сын үшін аталған қызметкер 30 қарашада ішкі істер органдарынан шығарылды", — деп хабарлады полициядан.

Михаил Козачков телеграм каналында оқиғаның  29 қарашада болғанын жазған. Жәбірленуші – Семей ҚП ақпараттандыру және байланыс бөлімінің технигі. Ал зорлаушы – полицияның аға лейтенанты.

Сондай-ақ, зорлық құрбаны полиция қызметкеріне арыз жазуға тырысқан. Алайда оның арызын белгілі бір уақыт аралығында қабылдамаған, себебі полиция басшысы орнынан босатылады деп қорыққан.

 

Талқылау