Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты

28 қаңтар күні түнде Семей маңындағы Ново-Баженово ауылында көлік жүргізушісі есірткі мен алкогольден мас күйде болып, полицейлерге бағынбаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

машина

Фото: видеодан скриншот

Патрульдік инспекторлар жол талғамайтын көлікті байқағанда оның жүргізушісі жылдамдықты арттыра бастаған. Бұл әрекет тәртіп сақшыларына күдік туғызғандықтан, көліктің соңынан жүрген. Дегенмен семейлік полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, елді мекенмен қашуды жөн көрген. Көлік жүргізушісін ұстау үшін полицейлер ауаға ескерту оқ атып, содан кейін көліктің дөңгелектеріне патрульдік қаруды қолданған.



"Тоқтатылған Mitsubishi Pajero жүргізушісі "орташа" есіртілік және алкогольдік мас күйде болды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағаны үшін, сондай-ақ көлік құралын есірткілік және алкогольдік мас күйде басқарғаны үшін жауапқа тартылды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазір сот 38 жастағы жүргізушіні 15 тәулікке қамауға алып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Талқылау