Семейде құрдасын пышақтап өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты
Семейде өз құрдасын өлтірген кәмелетке толмаған балаға үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аbainews.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға маусым айында “Мұрат” саяжайында болған. Екі кәмелетке толмаған жасөспірім болмашы мәселе үшін жанжалға түсіп, жанжал барысында олардың бірі қарсыласының мойнына пышақ салған. Соңғысы алған жарақатынан қайтыс болды.
“2023 жылғы 18 қыркүйекте Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған А. ҚК-нің 99 – бабы 3 – бөлігі бойынша (кәмелетке толмаған адамды өлтіру) 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын кәмелетке толмағандарды ұстау үшін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесіне белгіленген”, – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар