Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде көпбалалы ана үйінде босанып қалды

Семейде көпбалалы ана перзентханаға жетпей, үйінде туып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

сәби

Фельдшер Қажитаев Тұрарбек пен Самиғұлов Алмаз хабарлама түсе оқиға орнына жіберілді. 10 минуттан кейін көпбалалы ананың толғағы қатты қысып, үйде босандыруға тура келген. 

Нәтижесінде 3 келі, бойы - 52 см қыз бала дүниеге келді. Анасы мен сәби периантальды орталыққа 20 минутта жеткізілді. Ары қарай олар дәрігерлердің бақылауында болып, тексеріледі.  

Анасы мен қызының жағдайы жақсы.
 

Талқылау