Семейде қыздарға шабуылдаушы маньяктың пайда болғаны туралы ақпарат тарады
Семейде Новостройка, Ет комбинаты, Юность және "Жаңа жол" ауданында қыздарға шабуылдаушы маньяктың пайда болғаны туралы ақпарат тарай бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі @abainewskz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысының полиция департаменті ақпаратты тексеру шараларын қолға алды. Ал жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қаланың сол жағалау бөлігінде қыздарға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды.
“Ол осы аймақтарда тұрады. Қыздардың артынан шабуылдап, пышақпен қорқытып, ақшасын тартып алады. Ұрып-соғып, зорлауға әрекет жасайды", - делінген ақпараттық бюллетеньде.
Сонымен қатар, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі – БАҚ және телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат таратуды еске түсіріп, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті ескертті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"