Семейде 23 жастағы қыз көпірден секіріп кеткен
Семейде 23 жастағы қыз аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Semeynews.kz порталына сілтеме жасап.

Сурет Semeynews.kz басылымынан
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 тамызда таңғы сағат 10:00 шамасында кеме күзетшісі кезекші бөлімге қоңырау шалып, ағынмен бір қыздың қалқып бара жатқанын айтқан.
"Біздің құтқарушылар қайықпен оқиға орнына жетті. Қыз тірі, тек су жұтқан. Ол станцияға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның бетінде көгерген іздер болды", – деп түсіндірді төтенше жағдайлар департаменті.
Анықталғандай, қыз психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған және ол биыл екінші рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр