"Семей көшелерін маньяк кезіп жүр": Полиция хабарламаға қатысты пікір білдірді
Семейде тұрғындар арасында маньяк туралы хабарлама тарап жатыр. Дегенмен Абай облыстық полиция департаменті жасөспірімдерді өлтірді деген қылмыскер туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Freepik.com
Хабарлама 17 сәуірде әлеуметтік желілерде тараған. Фейк ақпараттың авторлары белгісіз ер адамның суретін де пайдаланған.
"Қазір қалада мұндай оқиға тіркелген жоқ. Тергеу барысында ақпарат расталмады", – делінген хабарламада.
Полиция жергілікті тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа құлақ асуды сұрады. Олар Қылмыстық кодекстің 274-бабында көрiнеу жалған ақпарат таратқандарға айыппұлдан үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын ескертті.
Айта кетейік, бұған дейінҚарағанды тұрғындары арасында маньяк туралы хабарлама тарап, жұртты дүрліктірген еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен