Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей әуежайында ұшақ кәдімгі құмның үстіне барып қонды (видео)

Семейге ұшып барған жолаушы әлеуметтік желіде ерекше видеоны бөлісті. Қауіпсіздігін белдігін тағу керектігін хабарлаған бортсеріктер, ұшақтың әдеттегі жолаққа емес, құмның үстіне қонатынын айтқан.

21751915_10159440480235235_2997154011646949066_n

“Ұшақта отырып “Қону жолағы жөнделіп жатқандықтан, ұшақ құмның үстіне қонады” деген хабарландыруды есту біртүрлі екен. Жолаушылардың жартысы шошып кетті. Бірақ, Ан-24 құмның үстіне барынша жұмсақ қонды. Кеше біз Семейге ұшып келген едік”, – деп жазады блогер Яков Федоров Фейсбуктегі парақшасында.

Ал азаматтық авиация комитеті Семей әуежайындағы қону жолағының жабынының ауыстырылып жатқанын мәлімдеді.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Семей әуежайының ұшу-қону жолағы 3,3 шақырымға дейін созылмақ. Сонымен қатар, барлық коммуникация түрлерін алмастыра алатын төтенше-құтқару бекеті де бой көтермек. Және әуежай кез-келген ұшақты, оның ішінде жүк лайнерлерін де қабылдай береді.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау ІІД түнде болған төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

Балаларға арналған жөргекқаптан құрт шықты (видео)

Шымкентте үстіне полиция киімін киген алты баланың анасы алаяқтықпен айналысқан

Компьютерлік пернетақта мен смартфондардағы таңбалар қалай өзгереді?

Талқылау