"Сегіз әйел үш қызды соққыға жықты": Желіде жаппай төбелестің видеосы пайда болды (видео)
Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Видео авторы сегіз ересек әйелдің үш қызды соққыға жыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынған кадр
Видеоның астындағы сипаттамада оқиғаның 6 қыркүйекте Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде болғаны айтылған.
"Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соқты. Қазір барлық қыздар бас жарақаттарымен, сынықтарымен, денелерінде гематомалармен ауруханада жатыр", – делінген хабарламада.
Абай ауданының полиция басқармасына аталған факті бойынша орталық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі "Бір топ адамдар жасаған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны туралы хабарлады.
"Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді полиция.
Ведомство зардап шеккендердің жасын нақтылады. Олар – 1997 – 2002 жылдар аралығында туғандар.
Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді.