Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саят Медеуов: Онсыз да аз қазақтың санын тоқал алып көбейткен абзал

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов, тоқал алуға қатысты өз пікірін білдірді. Әншінің айтуынша, онсыз да халық саны аз Қазақстанда екінші әйел алуға қарсылық танытпау керек. Сондай-ақ, Медеуов шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығып жатқан қазақтың қаракөздерін сөз етті.

саят медеуов

Үлгілі әке ұл бала туып бермегені үшін әйелін сөкпейтінін айтты.

«Миын ашытпаймын. Алланың бергені ғой. Бақытты қыздан көреміз бе, ұлдан көреміз бе, бір Аллаға аян. Қыз, әрине, бауырмал. «Қыздың жаманы бір шәугім шайға татиды» деген сөз бар», – деді Медеуов Астана телеарнасының «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында.

Алайда өзі сөкпесе де, алғашқы әйелі ұл таппағаны үшін екінші рет үйленуге бел буатын азаматтарға да түсіністікпен қарау керек екенін мәлім етті.

«Ер адам балаға бола екінші рет үйленуі мүмкін. Әркімнің әртүрлі арманы бар. Мысалға, мен болмайтын темір тұлпарды да жақсы көріп тұрмын ғой. Сол сияқты біреу ұлды, біреу қызды жақсы көреді. Ол үшін ешкімге кінә тағуға да болмайды. «Неге бірінші әйелім қыз туады деп екінші әйел алдың?» деуге де болмас. Ол екінші әйелдің де ұл табар-таппасын бір Алла біледі», – деді әнші.

Саят Медеуов екінші әйел алу мәселесіне қарсы тұрмау керектігін, онсыз да қаракөз қыздардың шетел асып, өзге ұлт азаматтарының етегін ұстап кетіп жатқанын сөз етті.

«Бірақ қазіргі заманда сол дүниеге қарсы келмеуіміз керек деп ойлаймын. Алған да дұрыс шығар. Мүмкін алған адам оны бақытты қылатын шығар, жағдайын жасап беретін шығар. Неге біз оған қарсы шығуымыз керек? Қолдауымыз керек. Өйткені онсыз да қазағымыздың саны аз, онсыз да қазағымыздың қыздары шетелге күйеуге кетіп жатыр», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Қыдырәлі Болманов тоқал алуға қатысты пікірін білдірді

Қазақ қызы отбасылы азаматқа тоқал болудың тиімділігін тізіп берді

Қазақстандық блогер тоқал мен ашынаны ажыратып алуды ұсынды

Роза Әлқожаның күйеуі тоқал алу “Мәселесіне” қатысты ойымен бөлісті

Талқылау