Сауль Альварес қауіпті қарсыласпен жұдырықтаспас үшін аса ірі көлемдегі қаржыдан бас тартқан
Супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль “Канело” Альварес өзінің чемпиондық титулына міндетті боксшымен жұдырықтаспас үшін аса ірі көлемдегі қаржыдан бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Championat.com
Әлемнің ең үздік боксшысы саналатын Сауль Альварес WBC ұйымы бойынша міндетті қарсыласы Дэвида Бенавидеспен жекпе-жек өткізкізу үшін 55 млн доллар көлеміндегі сыйақы ұсынған. Бірақ “Канело” бұл жекпе-жекке аса қызығушылық танытпай, оның орнына Джермалл Чарлоға (33-0, 22 KO) қарсы жекпе-жекті таңдады. Мексикалық былғары қолғап шебері Чарлоға қарсы кездесуде 35 млн доллар көлемінде кепілдендірілген сыйақы алады.
Әлімханұлы көздеген боксшымен "Канело" жұдырықтасады
Айта кетейік, “Канело” соңғы жекпе-жегін 2023 жыдың қыркүйегінде Джермаллдың егізі Джермелл Чарлоға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

