"Сәукелесіз ұзатылған бірінші қыз": Желіде Айжұлдыз Адайбекованың образы қызу талқыға түсті
Фото: Видеодан скриншот
Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекованың ұзату тойындағы образы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер дизайнер құрбысының көмегімен ерекше көйлек пен спорттық аяқ киім киген.
“Алдымен эскизін жасадық. Бірден айтайын, идеяны Айжұлдыздың өзі ұсынды. Алғашқы өлшеп көруден кейін барлық детальды ескере отырып, тігуді бастадық. Сызылған жұлдыздардың үстіне тігін машинасымен жүргізіп шықтық. Одан кейін тастармен көмкеріп, безендірдік. Міне, осындай шығармашылыққа толы той көйлегі дайын болды”, – деп жазды дизайнер.
Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі той көйлегін мақтап жатса, енді бірі көңілінен шықпағанын жасырмады.
“Сәукелесіз ұзатылған бірінші қыз”, “Ақ көйлекке ештеңе жетпейді екен”, “Осы қызды қиял десем, ренжисіңдер”, “Аты мен көйлегін үйлестірген сияқты”, “Құрбысы өз ісінің шебері екен”, “Айжұлдыз өзінің дара екенін дәлелдеді”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, блогердің анасы, әнші Жанар Айжанова қызына жүрекжарды ақ тілегін арнағанын жазған едік.

Қазақстандықтар не себепті филиппиндік бала күтушілерді таңдайды және олардың құны қанша
