Сәуірдің алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазақстан бойынша 2021 жылғы 1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, Батыс аймақтарға циклон жаңбыр мен желдің күшеюін әкеледі. Оңтүстік өңірде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Мәскеу аудандарынан антициклон біртіндеп шығысқа қарай ығысады,
осыған байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-
шашынсыз сақталады. Кезеңнің ортасынан бастап батыс аймақтарға
солтүстіктен және оңтүстіктен циклон әсер етеді, содан кейін ол біріктіріліп,
жаңбыр мен желдің күшеюіне әкеледі. Фронтальды бөліктердің әсерінен елдің
оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынмен тұрақсыз ауа райы
сақталады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі,
оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі", - дейді синоптиктер.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"