Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сәтті Жұлдыз" бір жылда жеңімпаздарға 303 миллиард теңге төлеген

"Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясы 2023 жылы лотереядан жеңіске жеткен барлық жеңімпаздарға жалпы сомасы 303 миллиард теңге аударған. Бұл бір жылда 356 миллиард теңге болған компания табысының бір бөлігі. Бүгін компания бір жылға арналған қаржылық есебін жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық лотереяның ақпаратына сүйенсек, компания ел қазынасына 6 миллиард теңгеге жуық салық төлеген. "Сәтті Жұлдыздың" жылдық айналымы 356 миллиард теңгеден астам соманы құраған. 303 миллиард теңге жеңімпаздардың ұтысы ретінде төленген.

"Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңға сәйкес, былтыр компания өз табысының 10%-ын "Спорт қорына" аударған. Компания бұдан өзге де спорттық жобаларды қолдайды. Мәселен, Satty Zhuldyz - Халықаралық шахмат фестивалі. Турнирдің жүлде қоры – 120 миллион теңге. Турнир аясында Қазақстандағы тұңғыш әлем чемпионы Бибісара Асаубаева және өзге де гроссмейстерлер шеберлік сабақтарын өткізіп, жас шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыруға көмектеседі. Жобаның жалпы құны - 239 миллион теңге. Спорт саласына "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан бөлінетін жалпы сомма 5 миллиард теңгеге дейін жетеді.

Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап Ұлттық лотерея табысының 10%-ын "Қазақстан Халқына" қоғамдық қорына жолдайды. Аталмыш қоғамдық қорға компаниядан аударылған қаржының жалпы соммасы 4,8 млрд теңгеден асады.

"Сәтті Жұлдыз" былтыр қолға алған бірқатар сәтті жобаларға тоқталып өтелік. Ұйым қазақстандық спортшы Сергей Цырульниковтің "100 ауыл" әлеуметтік жобасына қолдау көрсетіп, 20 миллион теңге аударды. Жобаға Олимпиада чемпиондары мен ел чемпиондары қатысты, ауыл жастарымен мотивациялық кездесулер өткізіп, ашық алаңда жаттығу жасады.

"Сұлу - бақытты балалық шақ аумағы" жобасы ауыл-аймақта тұратын 6 жастан 10 жасқа дейінгі қыздарға эстетикалық топтық гимнастикамен айналысуға және оларды дайындайтын жаттықтырушыларды оқытуға мүмкіндік береді. Құны 108 миллион теңге болған жоба былтыр үш өңірде 960-тан астам қыз бен 12 жаттықтырушыны қамтыды.

"Сәтті Жұлдыз" спортқа ғана емес, оқу-білімге де қолдау көрсетуді ұмытпайды. Мәселен, "10 грант" жобасы аясында көп балалы отбасынан шыққан азаматтар, мүмкіндігі шектеулі адамдар немесе қаржылық шектеулерге байланысты таңдаған мамандығына оқуға түсе алмаған талапкерлерге өңірлердегі жоғары техникалық оқу орындарына 10 білім беру грантын бөледі. Бұл жобаға жалпы сомасы 40 миллион теңге жұмсалған.

Компания "Зияткерлік сынып" жобасына 26 миллион теңге бөлініп, ауылдық жерлерде зияткерлік ойындардың дамуына үлес қосып келеді.  Жоба аясында құрылған арнайы шахмат және тоғызқұмалақ кабинеттері жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, мүмкіндігі шектеулі балалардың ой-өрісін кеңейтеді.

2021-2023 жылдар аралығында компания 1 миллиард теңгеден астам қаржыны өз еркімен қайырымдылық жобаларына жұмсаған.

"Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы 2016 жылғы 4 сәуірде құрылған. Компанияның қазіргі уақытта 2016 жылғы 9 сәуірде қабылданған "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңға сәйкес, сондай–ақ ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасында Ұлттық лотерея деген статусы бар.

Талқылау