"Сәтті Жұлдыз" жүлде жеңімпаздарының талап етілмеген ұтыстарын мемлекетке аударды
"Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы жүлде жеңімпаздарының талап етілмеген ұтыстарының жоспарлы төлемдерін бастады.
Айта кетсек, "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V Заңының, 3 тарауы, 11-бабы 7-тармағына сәйкес: "Лотереяны өткізу шарттарында белгіленген мерзімде азаматтардан талап етілмеген ұтыстарды ұлттық лотерея тиісті тираждың (жүлде қорының ұтыс ойыны) нәтижелері жарияланған сәттен бастап үш жыл бойы сақтауы керек. Содан кейін ғана жеңімпаз алмаған ұтыс салық емес төлем түрінде бюджет кірісіне есептеледі”.
Осыған байланысты "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы азаматтардың талап етілмеген ұтыстарының мемлекетке қайтарылғанын мәлімдейді. Бүгінгі таңда 73 684 692 теңге көлеміндегі сома мемлекеттік бюджет кірісіне жіберілді. Бұл сома 8 миллионан 1 миллион теңгеге дейін сондай-ақ одан төмен сомадағы талап етілмеген ірі ұтыстарды қамтиды.
Егер лотерея қатысушысы ұтысты алуға 6 ай бойы жүгінбесе, жүлде талап етілмеген санатқа өтеді. Ұтыс лотерея өнімдерінің негізгі бөлігі болғандықтан, "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы бірінші кезекте ұтыстардың жеңімпазға жетуіне бар күшін салады. Өз кезегінде, ұлттық лотерея жүлде алған қатысушыға ұтысы туралы хабар беру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Қазақстандағы "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының түрлі ұтыстарын ойнату қорытындысы бойынша:
- 112 миллионер пайда болды;
- 6 адам жаңа көлік алды;
- 4 адам жаңа пәтер алды;
Осылайша 6 миллиард теңге ұтыс төленді.
Бұған қоса компания әлеуметтік жауапкершілікке көп көңіл бөледі. 2021 жылы "Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясы “Халық" қайырымдылық қорының науқанына екі рет қатысты. Ол жерде көп балалы және басқа да мұқтаж отбасыларға жалпы сомасы 52 миллион теңгеге 2000-нан астам азық-түлік жиынтығы таратылды. Зейнеткерлер үшін жалпы сомасы 1 миллион теңгеге 100 сертификат берілді. Сондай-ақ 2021 жылы компания қазақстандық спортты дамытуға 2 миллиардқа жуық теңге бөлсе, ал ұлттық лотереяның бүкіл жұмыс кезеңінде 4 миллиардқа жуық теңге жұмсады.