Сәтпаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты 46 фигурантқа төрт жыл шартты түрде жаза берілуі мүмкін
Қарағанды облысы Сәтпаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша 55 айыпталушының тоғызы үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Прокурорлар бүгін осы іске қатысты деген 46 фигурантқа төрт жыл шартты түрде жаза беруді сұрады. Бұған дейін 55 айыпталушы Қарағанды облысының ювеналды сотында процессуалдық келісімге келген еді. Бұл келісім оларға үкімді жеңілдетуге немесе кейбір жағдайларда жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік бермек.
Естеріңізге сала кетейік, 5 жастағы қыздың мәселесіне қатысты қала тұрғындары наразылық білдіріп, арты тәртіпсіздікке ұласқан. Былтыр шілдеде бес жасар бүлдіршін жоғалып, 62 жастағы азаматтың пәтерінен табылған. Тас-таяқпен қаруланған қала тұрғындары күдіктіні өз беттерімен жазаламақ болып, қаланың астан-кестенің шығарған еді.
Ал былтыр қазанда бүлдіршінді зорлады деп айыпталған күдікті тергеу изоляторында жіпке ілінген күйінде табылды.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті