Сатиралық парақшаның авторы екі айға қамауға алынды
Алматы соты QazNews24 сатиралық парақшаның авторы Темірлан Еңсебекті екі айға қамауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белсендінің қамауға алынғанын адвокаты Жанара Балғабаева мәлімдеді.
"Бүгін сот отырысы өтті, бұлтартпау шарасы ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында екі айға қамауға алу ретінде белгіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады", – деді ол.
Оның айтуынша, қорғаушы тарап сот үкіміне шағымданбақ.
Қылмыстық кодекске сәйкес "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша оның кінәсі дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін Алматы полиция департаменті желіде ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен қоғамдық парақша авторына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды