"Сары" аймақ: Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша жағдай тағы нашарлады
Нұр-Сұлтан тағы да коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтар қатарына кірді. Мегаполис "жасыл" аймақта небәрі бес күн - 24-29 қараша аралығында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы сайтының мәліметінше, 30 қарашада Нұр-Сұлтан COVID-19 таралуы бойынша "сары" аймаққа қайта түсті. Бұған дейін қала 11-24 қараша аралығында болған еді.
Сонымен қатар, Алматы да "сары" аймаққа кірді. Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта қалды. Қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егер өңірлер коронавирустың таралу қарқыны бойынша бір аймақтан екіншісіне ауысса, онда шектеулер тағы 14 күнге созылады деп мәлімдеген еді.
Ал 11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қазіргі уақытта шектеу шараларын жеңілдету мәселесі қарастырылмайтынын хабарлады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"