Сәресіге ұйықтап қалу оразаны бұза ма?
Рамазан айында ораза ұстаған қауымның арасында сәресіге ұйықтап тұрмай қалатындары да кездеседі. Ал таңертең ас ішпегеннен кейін адамға ауызашарға дейін біраз қиналуы да мүмкін. Жалпы, бұл оразаны бұза ма?

Егер адам сәресін байқамай өткізіп алса, онда сол күнгі оразасын жалғастыра береді, ораза бұзылмайды. Сәресіге тұра алмай қалдым, аузымды аша салам, бәрібір бүгінгі оразам бұзылды, ертең қайтадан бастай салам деу – қате түсінік. Сәресіні әдейілеп, біле тұра өткізуге де болмайды.
Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сәресінде үлкен береке бар. Тым болмаса бір жұтым су ішкендеріңнің өзі сәресін орындаған болып есептеледі. Сәресіге оянып, ас-су ішкен адамға Алла мейірімділік танытады, ал періштелер ол үшін кешірім тілейді» деген (Ахмад ибн Ханбал, Муснад 3/44). Бұл бір. Екіншіден, сәресін ішу сізге ауыз ашар уақытына дейін қиналмай жүруіңізге көмектесіп, күш-қуат береді, денсаулығыңызға да зиян келтіріп алмайсыз.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту