Сарапшылар: Елімізде азық-түліктің бағасы көтеріледі
Қазақстанда азық-түлік пен тауар бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін. Өйткені сарапшылар еліміздегі инфляция деңгейі 9 пайызға артатынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Fitch Ratings америкалық агенттігі болжамына сәйкес, пандемияның еліміздің экономикасына кері әсер еткендіктен инфляция бағамының артады.
Бұған дейін ұлттық банк өкілдері 2020 жылы инфляция деңгейі 8-8,5 пайыздық дәлізде сақталатынын мәлім еткен. Тіпті кейіннен бұл көрсеткішті төмендетуді де жоспарлаған.
Дегенмен шетелдік сарапшылар бұған күмәнмен қарайды. Пандемияның ықпалы, доллардың қымбаттауы инфляцияның өсуіне алып келеді, дейді мамандар. Ал бұл өз кезегінде азық-түлік пен түрлі тауарлардың бағасының тағы да шарықтап кетуіне әсерін тигізеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды