"Сәнге айналды". Орамал таққан Сиви Махмуди көптің сынына қалды
Қазақстандық әнші Сиви Махмудиді образ үшін орамал таққаны үшін көпшілік жерден алып жерге салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/sivi_makhmudi
Өнер иесі орамал таққан суретін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап: “Орамалды мазақ қылған жоқпын, жай образ деп қабылдаңыздар. Хиджабты тек фотосессия және видео үшін кидім. Орамалға келмедім. Артық сөгудің қаеті жоқ”, –деп жазба қалдырды.
Әншінің бұл әрекетін орамалға деген немқұрайлылық деп түсінген желі қолданушылары Сивиді сынап тастады.
“Әншілердің барлығы хиджабты сәнге айналдырған ба?”, “Орамал деген мазақ болды ғой, әсіресе халықтың алдында жүргендер үшін”, “Киемін десе киеді, шешемін десе шеше салатын болыпты”, “Сәнге айналды”, “Орамал ермек болды”, – деп жазды желідегілер.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"