Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Санаңа берсін": "Меломен" тобының мүшесі Ғабит Бибасыұлы әйеліне арнап жазба жариялады

“Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы “зорлық-зомбылық көрсетіп, ұрып-соқты” деп айыптаған әйеліне жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Өнер иесі шындықты айту үшін үлкендердің сөзіне тоқтап отырғанын жасырмады. 

“Сұхбат берейін десем, керек емес, ұят болады, ол да қазақтың қызы обал болады деп ұстап отырғандары-ай. Есін жиса түсінер, санаңа берсін”, – деп жазды әнші. 



Өз кезегінде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырамау үшін әншінің экс-әйелі Нұрила Ақберен бірнеше кеңес бөлісті. 

“Әйел адамға арқа сүйер еркек керек екен. Күйеуіңнің бары не, жоғы не білінбейтін, одан әрі таяқ жеп отыратын отбасы атынан садақа кетейін. Менің балаларым қан жоса боп, мұрным сынып, көгеріп, быт-шытым шығып отқан шешесін көріп өскенін қаламадым. Өзгерер деп Аллаға да сан рет тапсырдым. Бірақ өзгергісі келмейтін адамнан үміт күтіп не керек? Қинап өзгерте алмайтын болған соң, денсаулығым одан бетер жапа шекпей тұрып кетейін деп шештім.
Иә, тұрмысқа шығарда “отбасымды бақытты қыламын” деген ұранмен шыққам. Ажырасарда “ай мен күн жарықта жолымды табайын” деп кеттім… Отбасымды бақытты ету менің қолымда емес екен, қыздар. Мүлдем әйелдің қолында емес екен. 5 жыл тырмысқан менен сұрасаңдаршы. Бір ұрған адам қанша жылап кешірім сұраса да, ұра береді екен…Отбасымнан кешірім сұрап, өзгеремін деген соңғы сертін берген адам уәдесінде тұрмады, енді не істей аламын? Сенсең де, сенбесең де осы, сіңлім, әпкем”, – деп жазды блогер. 

Айта кетейік, бұған дейін "Мұрнымнан аққан қанды баскиіммен сүрттім" деп “Меломен” әншісінің бұрынғы әйелі соққыға жығылған сәтінен видео жариялаған еді. 

Талқылау