Samsung жарқын жеңістерге арналған, инновациялық OLED- ойын мониторларын ұсынады
Ойындағы әрбір миллисекундты шешуші деп санайтын геймерлерге арнап Samsung керемет ерекше нәрсе дайындап қойды. Ойын OLED-мониторларының жаңа топтамасы – Odyssey OLED G9, G8 и G6 – ақырында Қазақстанға да келді. Қарсыластарынан бір қадам алда болғысы келетін тұтынушылар визуалды технологиялардан барынша молын алады.
Неге OLED-дисплей? Ең алдымен, бұл кескіннің ерекше сапасы. VESA DisplayHDR™ True Black 400 технологиясы, көлеңке және жарық басты рөлде болатын ойындарда өте маңызды нақты түстерді және терең қара түсті қамтамасыз етеді. Тіпті ұсақ бөлшектерді ең қараңғы сахналарда да ажырата аласыз. Бұл 100% ену!
Odyssey OLED G9 моделі: DQHD (5120×1440) ажыратымдылығымен және 32:9 арақатынасымен 49-дюймдік имек экран– бұл толық енуге арналған өте үлкен дисплей! 240 Гц жаңарту жиілігі және 0,03 мс жауап беру уақытының арқасында, кескін таңқаларлықтай жатық болады. Әр сахна, әр кадр, сіз өзіңізді оқиғалардың ортасында етіп сезінетіндей нақтылықпен беріледі.
Odyssey OLED G8: OLED-дисплеймен, Ultra WQHD (3440x1440) ажыратымдылығымен 21:9 арақатынасымен Samsung -тың 34-дюймдік мониторы. Жарықтылығы, түстердің тереңдігі және кескіннің нақтылығы ойын процесін тағы да шынайы ете түседі. 175 Гц жаңартудың жоғары жиілігі серпінді ойындардағы бірде бір маңызды сәтті жіберіп алмауға мүмкіндік береді!
Odyssey OLED G6:, өнімділікті және жарқыраудың болмауын бағалайтындар, 27 дюймдік күңгірт Odyssey OLED G6-ны да ұнатады. QHD (2560x1440) ажыратымдылығы, 0,03 мс жауап беру уақыты және әсіресе жаңарту жиілігі 360 Гц (!) – жылдамдық пен дәлдікті бағалайтын ойыншылар үшін сипаттамалардың тамаша жиынтығы. G6 - әр секунд маңызды болатын, жарыс матчтарына қатысушылар үшін керемет таңдау болып табылады.
Мұнымен бірге, OLED Glare-Free технологиясы, күн сәулесі төгіліп тұрған бөлмеде де жайлы қарауды қамтамасыз ете отыра, шағылысуларды азайтады.
Odyssey жаңа топтамасы тек қана функционалды ғана болып қоймай, эстетикалық тұрғыдан да тартымды. Қалыңдығы 3,9 мм жіңішке металдық жиектемесі, монитордың артқы жағынан шашыраңқы жарықты шашып тұратын жаңартылған Core Lighting+ және құралдарды қолданусыз жиналатын 3-миллиметрлік реттелетін метал тіреуіш – мониторларды тек қана геймерлерге арналған қуатты құрал ғана емес, және де жұмыс және ойын кеңістігінің сәнді бір бөлігіне айналдырады.
Жаңа өнімдерді Samsungтың ресми сайтынан сатып алуға болады.