Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салтанатты құтқаруым керек еді": Байжанов кінәсі дәлелденсе, жазасын өтеуге дайын екенін айтты

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелі Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сотта Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтан жауап алынып жатыр. Ол өз сөзінде кінәсі дәлелденсе, жазасын өтеуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Байжанов өз әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыс құрамы бар-жоғын білмейтінін жеткізді.

“Бірақ егер мені кінәлі деп санасаңыздар, мен жазамды алуға дайынмын. Мен Салтанатты құтқаруым керек еді. Салтанаттың отбасы мен туған-туыстарынан, ата-анасынан, Айтымнан және осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығынан шын жүректен кешірім сұраймын", – деді Байжанов. 



Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау