Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Байқошқарова: Бізге бедеулікпен келетін әйелдердің 70-80%-ы аборт жасатқандар

Бұл өз кезегінде болашақта денсаулыққа қатысты үлкен проблемаларға алып келуі мүмкін. Олардың ең үлкені - бала сүйе алмау қаупі. Бұл туралы репродуктолог мамандар дабыл қағуда. Елімізде әрбір 5-6-ншы отбасы бала сүйе алмайды екен. Былтыр президент бұйрығымен жыл сайын экстрокорпоралдық ұрықтандыруға мемлекеттік квота бойынша 7 000 орын бөлінеді деген қуанышты жаңалық көпшіліктің көңіліне медеу болған еді. Алайда іс жүзінде ата-ана атануды армандап жүргендер кезекке тұра алмай сабылып жүр. Бұл туралы Stan.kz "Қазақстан Ұлттық арнасының" Апта.kz бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

салтанат

Жинаған зейнетақы қорынан ақша ала алатындар салымын медициналық мақсатта жұмсауына болатыны белгілі. Оның ішінде эктракорпоральді ұрықтандыру процедурасына жұмсауға рұқсат беру туралы «Отбасы банктің» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова айтып отыр. Себебі Ибрагимова ханым Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, сол қоғамдық жұмысы барысында ЭКО жасатқысы келген бір келіншек оған өтініш білдірген.

«ЭКО жасатуға елімізде квота бар, бірақ жетпейді. Әлгіндей ұсыныс береміз, себебі зейнетақы салымын осы бағытта жұмсау жайлы ережеде жоқ. Бірақ қарастыруға болады деп ойлаймын», деген ол.

Тұрмыс құрғасын 5 жылдан кейін бала сүйген Ләйлә есімді келіншек - ұзақ уақыт ана атану үшін күрескендердің бірі. 

"Жарты жылдың өзі ұзақ сияқты көрінеді. Дәрігерге барасың, денсаулығыңда кінәрат жоқ, барлығы жақсы дейді. Жүрегің ауырғаннан балам жоқ деп айта бермейсің. Көп жерге, қонақтарға барғым келмейтін", - дейді Ләйлә.

ЭКО операциясына жүгінейін десе, құны қымбат. Мемлекеттік квота бойынша кезекке тұрып, екі жылдан кейін көптен күткен нәрестесі - қызы Нұрилә - дүниеге келеді. 

"Қазір кішкентайымыз бар. 1 жас 8 айда. Бұл күнге дейін баласыз қалай өмір сүргенімді білмеймін. Өмірімнің мәні, сәні бала екен", - деп бөліседі қазіргі өмірі туралы келіншек. 

Қазақстанда бүгінге дейін экстракорпоралдық ұрықтандыру арқылы 24 мың бала келген. Олардың ең үлкені - 25-те. Бұл отаны жасату үшін орташа есеппен 1 млн 300 мың - 1 млн 500 мың теңге қажет. Бұл соманың басым бөлігі аналық бездерді ынталандыратын қымбат шетелдік препараттарға кетеді, дейді дәрігерлер. Қазақстанда бұл оперцияны тегін жасау мүмкіндігі 2010 жылдан бері ұсынылған. Басында 100-ге жуық квота бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 7000-ға жетті. Бұл квота 17 өңірге үлестірілген. Пациент клиниканы өзі таңдап ала алады. Дегенмен мемлекет бекіткен бұл квота әлі бөлінбеген, медициналық орталықтарға бөлудің механизмі түсініксіз. Мамандар бала сүюді армандап, алтын уақытын жұмсап күтіп отырғандар үшін алаңдайды. Өйткені жыл сайын бала көтеру мүмкіндігі де төмендейді. 

"Маған хат жазатын әйелдердің 80%-ы осы мемлекеттік квотаны күтіп отыр. Күніге шуылдап келе жатыр, квотаға тапсыру үшін не істейміз деп. Ақпанның ортасына келіп қалдық, әлі ешқандай ақпарат жоқ", - дейді осы саланың маманы Салтанат Байқошқарова. 

Оның айтуынша, ЭКО операциясының өзіндік технологиясы болады. Кем дегенде, 2-3 ай уақытты алады. Қазақстанда 9,5 мың әйел бала сүйе алмай жүр. Бұл тек электрондық жүйеге тіркелгендері ғана. Мамандар бедеуліктің басты себебі жасалған аборттарда дейді. 

Денсулық сақтау министрлігінің Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шакизат Халықованың айтуынша, ерте жастан, жасөспірім кезден немесе жиі жасанды түсік жасатқандардың бедеулікке шалдығу қаупі жоғары. Өйткені жасанды түсіктің өзіндік асқынулары бар. Маман, денсаулыққа зиян келтірмес үшін жүктіліктен қорғануға шақырады. 

Репродуктолог Салтанат Байқошқарованың айтуынша, әрбір 5-6 отбасында  бедеулік мәселесі бар. Статистикалық деректер бойынша, экологиялық проблемалардан кейін бұған себеп - ерлер мен әйелдердің өз денсаулығына салақ қарауы. 

"Жүкті болып қалса, аборт жасай салу. Бізге бедеулікпен келетін әйелдердің 70-80%-ы аборт жасатқандар", - дейді ол. 


Ана туралы қазақша 5 үздік өлең

Талқылау