Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева екі айлық ұлын тастап, гастрольге аттанды

Салтанат Бақаева декреттік демалыста ұзақ уақыт отыра алмағанын айтады. Әнші ұлын қырқынан шығарған соң, жер-жерді аралап, концерттерге қатыса бастаған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Бақаеваның өзі әңгімеледі. 

Ол Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкентке, одан кейін Сарыағашқа жол тартқан. Екі айға енді толатын кенже ұлы Әрсенді әжесімен бірге қалдырған. 

"Сәбиім пойызда суықтап қалды. Кішкентай ғой, оған қиын. Білемін, қазір көпшілігі маған ұрса бастайды. Кішкентай баламен үйде отыр дейді. Сіздердікі дұрыс. Бірақ мен үйде отырудан шаршап кеттім, жұмыс істегім келеді. 

Әдетте басқалар жұмыссыз жүргендеріне риза болса, менің жұмыс істегім келеді. Күйеуімнің жолы болған. 

Ал егер шынына келсек, мен өз ісімнің фанатымын. Әрі ақша ешқашан артық болмайды. 



Енді портта отырып, дұрыс істедім ба әлде баланы өзіммен бірге алуым керек пе еді деп ойланып отырмын", – деп бөлісті Бақаева желідегі парақшасында. 

Оқырмандардың бір тобы балаға қарайласатын адам болса, жұмыс істеген дұрыс екенін айтса, ендігі топ кішкентай балаға анасының мейірімі мен сүті ауадай қажет екенін айтып, актрисаны сынға алған. 

 

 

Талқылау